Курчатов Абай облысындағы ең қауіпсіз қала деп танылды

Семей ядролық полигонының орталығы болған шағын шаһардағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға бейнекамера орнатылған.

Бұл өз кезегінде қаладағы құқық бұзушылық жағдайына оң әсерін тигізген. 2022 жылдың 6 айында қылмыс саны 15 пайызға төмендеген. Қазір қалада 200-ден астам бейкамера жұмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 30-ын қою жоспарланған.

Олег Чугунков, Курчатов қаласының әкімі:
- Қаламыздағы 78 үйдің барлығына камера орнатылған. Барлығы 215. Мектептер мен балабақшаларда камера қойылған.