«Қазақстан Халқына» қорына жиналған қаражаттың игілігін Жетісу облысындағы Жансүгіров ауылының оқушылары көре бастады
Қордан бөлінген 250 млн теңгеге Есмұрат Сиқымов атындағы мектеп интернатының құрал жабдықтары толықтай жаңартылды.
Әрі озық техникамен жабдықталды. Нәтижесінде білім ордасында талапты жастардың талабын шыңдайтын бірнеше орталық ашылды.
Есмұрат Сиқымов атындағы мектеп интернатында алғаш рет STEМ зертхана ашылды. Арнайы жабдықталған сыныпта оқушылар енді физика, химия, биология мен математикадан ғылыми жобаларды әзірлейді. Әрі робот құрастырып, қолданыстағы техниканың тілін меңгереді. Алғашқы күннің өзінде Айбар Ербол ноутбук бөлшектерін жинақтауды үйренді.
Айбар Ербол, оқушы:
- Бұл ноутбукты разобранный шашылған күйде келген. Мен оны түске дейін құрастырған болатынмын. Ал, қазір бұл жұмыс істеп тұр. Бұл ноутбуктың ерекшелігі басқа ноутбуктар сияқты виндоуссыз жұмыс істейді. Ол программаны удалить етіп, виндоус орнатып жұмыс істей берсең болады.
Мектепте балалардың шығармашылық қабілетін дамытатын телестудия, арт хол, коворкинг орталығы ашылды. Кітапхана іші толығымен жаңартылып, спортзалға да қажет заттар жеткізілген. Сабақ өтетін сыныптардың барлығы парта, орындық, тақта сынды қажет құрылғылармен жабдықталды.
Рахат Ибраимова, Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернаттың директоры:
-Ауыл мектептерінің жағдайын дамытуға балаларға үлкен мүмкіндік, шығармашылығын дамытуға, функционалдық сауаттылығын арттыруға, сонымен бірге ұстаздар қауымының өзгермелі заманға қарай өзгеріп, шығармашылықпен жұмыс жасап, Кәсіби құзіреттілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.
1992 жылы салынған мектеп интернатта 500 ге жуық бала білім алады. Оларға елуден аса мұғалім сабақ береді. Жоба аясында ұстаздар қауымының да білім біліктілігін арттыру қарастырылған.
Данияр Тоқтарбаев, «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының директоры:
- Мектептің үш жылдық жоспары жасалған. Бұл жоспар бойынша көптеген интенсивті курстар, семинарлар, мастер кластар өткізіліп жатыр. Бұл жағдайда айтатын болсақ, Талдықорған Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірбие алмасып жатыр. Стажировка өтеді. НЗМ және Центр Пед мастерство дейді, сол жақтың азаматтары осында келіп қосымша курстар өткізіп жатыр. Бұл әлі де жалғасады. Скл Қалалының баласы мен ауыл баласына білімге деген қолжетімділікті бірдей қылу біздің мақсатымыз.Жоба жетекшілері алдағы екі айда «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен жабдықталған мектептер санын 17 ге жеткізуді жоспарлап отыр. Оқу орындарына озық тәжірбиені енгізу арқылы ауылды аймақтағы білім сапасын жақсартуға ықпал етпек.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов