Жамбыл облысында мемлекеттік грант алып өз кәсібін ашқандар саны артып келеді

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көп.

Мәселен Қордай ауданында биыл 60-қа жуық көпбалалы ана мен мүмкіндігі шектеуді 10 тұрғын кәсібін бастады.

Бұл - 25 жастағы Тахмина Алиеваның алғашқы жұмысы әрі өз бизнесі. 2-топ мүгедектігі бар бұрымды, бұған дейін денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істемеген. Былтыр мемлекеттік гранттың бірінші кезеңіне қатысып, 580 мың теңге ұтты. Бүгінде әкімдік ұсынған бөлмеден сән салонын ашып, кәсібін бастады.

Тахмина Алиева, Қордай ауданының тұрғыны:

- Грантты ұтқан соң, тырнақ әрлеуді бастадым. Қосымша шаштараз құралдарын да сатып алдық. Қазір бір күнде шаштаразшыммен 15 адамға дейін қызмет көрсетеміз.

Қайтарымсыз гранттың шапағатын көргендерің бірі - Гүлнұр Жұмабекова. 5 балалы ана Қордайдан 100 шақырым шалғайдағы Қарасай батыр ауылында тұрады. 15 жылдан бері қыз жасауы, құрақ көрпе, қазақы көйлектерді тігумен айналысады. Кәсіби білімі де, біліктілігі де бар. Бірақ қажетті тігін машиналарын алуға қаржы қолбайлау болды, - дейді. Мемлекеттен берілген 1 млн 225 мың тг, мәселесін шешті.

Гүлнұр Жұмабекова, Қарасай батыр ауылының тұрғыны:

- Прямой строчка, оберлок, зик-зак мынау құрақ көрпелерге өте қажетті. Үтігін алдым. Жабыстырғанға керек. Одан кейін жазда келіншектер көйлек тіктіреді ғой деп, қазақ көйлек тіккенге деп мынандай распышывалка машиканы алдым. Жұмыссыз орыған, көпбалалы аналар бар. Жеткізе алмай отырған. Соларды жұмысқа алсам ба деген ниетпен барғам осыған ше.

2022 жылы ауданда 60-қа жуық көпбалалы ана қайтарымсыз қаржы алды. Сонымен қатар 10 – мүгедек азамат пен қамқоршысынан айырылған  2 тұрғын  мемлекеттік грантка ие болды. Олардың қатарында 182 -  29 жасқа дейінгі жастар да бар.

Бекзат Болатбеков, Қордай ауданының әкімі:

- Өткен жылға қарағанда бұл грант екі есе көтерілді. 1 млн 200 мыңның төңірегінде қолдауын алды. Енді мен ойлаймын бұл кәсіпкерлерге үлкен қолдау деп.

Биыл Қордай ауданында 253 азаматқа жалпы соммасы 310 млн теңге қайтарымсыз қаражат берілді. Жаңа бизнес-идеяларды қолдау алдағы жылдары да жалғасын табады.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә