Еліміздің төрт өңірінде жол жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сенсек, оған қалың қар, боран және жолдың анық көрінбеуі себеп болған.
Жолшылар ауа райының нашарлауына байланысты барлық учаскеде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Мәселен, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бері шамамен 2 000 текше метр көктайғаққа қарсы материал жолға төселген.
Жабылған жолдар:
- Ақмола облысының аумағындағы «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы.
- Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» трассасының Белогорка кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылды.
Сондай-ақ, «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» трассасының Қарабұтақ кентінен Қостанай облысы шекарасына дейінгі учаскесінде қозғалыс шектелді.
- Қостанай облысында «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолында шектеу қойылды (Ақтөбе облысы шекарасы - Рудный қаласы).
«Денисовка-Жітіқара-Мұқтыкөл» (Денисовка - РФ шекарасы)
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (Тобыл қаласы - Ақмола облысы шекарасы).
- Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі учаскесінде жол жабық.
Штаттан тыс жағдай туындағанда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек.