Түрікменстандағы мыңға тарта қандас елге оралады

Түрікменстандағы мыңға тарта қандас атамекенге қоныс аударуға ниетті.  Бұл туралы «Отандастар» қорының басшысы мәлімдеді.

Абзал Сапарбекұлының айтуынша, олар қандас мәртебесін алуға өтініш берген. Ең бастысы, қазір шетелде жүріп те өтініш беруге болады. Сондай-ақ Моңғолиядан 185 отбасы көштің қамына кіріскен. 15-і елге оралып та қойды. Қазір оларды Солтүстік Қазақстан аймағына қоныстандыру мәселесі қаралып жатыр.

Жалпы «Отандастар» қоры қандастардың этникалық қазақ екенін құжат бойынша дәлелдеу, солтүстік өңірлерге квота шеңберінде қоныстандыру және шетелдегі қазақ ұйымдарына қолдау көрсетумен айналысады. 

Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар» қорының басшысы:

- Әрине, бірқатар түйткіл мәселе бар. Олардың ішінде осы Түрікменстаннан көшетін қандастарымызды солтүстік облыстарында тұрақтандыру мәселесі. Бұл жерде негізгі міндет жергілікті атқарушы органдарының үлесінде. Өйткені Еңбек министрлігі, Ішкі істер минитсрлігі бұларды құжаттандыру мәселесімен айналысатын болса, оларды сол жерде нақты көмек, жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

   

Еуропада қазақтардың құрылтайы өтеді

Қор өткізген жиында мәлім болғандай, мамырдың 26-28-і күндері Көлн қаласында Еуропа қазақтарының дәстүрі құрылтайы болады. Оның шеңберінде алғаш рет қазақ жастары алғаш бас қосады. 9-10 маусымда Мәскеуде Ресейдегі қазақ ұйымдары басшыларының жиыны жоспарланған. Сондай-ақ Моңғолияда кіші құрылтай ұйымдастырылса, күзде АҚШ-тағы қазақтардың тұңғыш форумы өткізілмек.