Абай облысында Құнанбай қорымына апаратын жол жөнделеді
Абай облысының Абай ауданында 30 жылдан бері жөнделмеген көшелерге асфальт төселіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 ауылдың жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, «Аягөз-Қарауыл», «Семей-Қайнар» аралығындағы облыстық маңыздағы күре жолдың 41 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Ауданға келетін туристер санын ұлғайту үшін тарихи орын – Құнанбай қорымына апаратын 21 шақырым жол да асфальтталады.
Биыл Абай облысындағы 758 шақырым жол мен 3 көпірді жөндеуге 59 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында өңірдегі 26 тірек елді мекеннің 77 шақырымына асфальт төселеді.
Жандос Сайлаубеков, аудандық сәулет құрылыс коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 5 көше болса, оның 4-уі бұрын жөндеу көрмеген. Мәселен, Саржал ауылындағы 2 көше мен Қарауылдағы 1 көше. Ал мына Молдағалиев көшесінде бұрын асфальт болған.