Үржар әуежайы жұмысын бастады
Абай облысы Үржар ауданындағы әуежайдың ұшу-қону алаңы ұзақ жөндеуден кейін қайтадан ашылды.
Екі жылға созылған құрылысқа республикалық бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Алаң толықтай жаңғыртылып, ұщу және қону жолағы 1500 метрден 2100 метрге дейін кеңейтілді. Мұнан бөлек бес қабатты бақылау мұнарасы салынды. Қазір әуежай бір мезетте екі ұшақты қатар қондыра алады. 15 мамырдан бастап «Бомбардие" маркалы ұшақ Астанадан Үржарға жолаушыларды тасымалдай бастады. Жергілікті билік өкілдері қазір әуежайдың ғимаратына жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеп жатыр.
Ернат Жұмашев, Үржар аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
- 2022 жылы жарық шамын және бейне бақылау камераларын орнату жобасы әзірленіп, басталған болатын. Бұл жоба ұшақтарды түнгі уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Үржар әуежайы 80-90 жолаушыға арналған ұшақтарды қабылдай алады. Бомбардир, фокер, эмбрайер секілді ұшақтарды қабылдауға мүмкіндігі бар.