Жасанды интеллектті денсаулыққа қатысты мәселеге жолатпау керек

Медицина саласында жасанды интеллектті қолданғанда абай болу керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осындай ескерту жасады. Мамандар әсіресе "Чат Джи Пи Ти" секілді қосымшалармен жұмыс істегенде сақ болуға шақырады. Өйткені чат боттардан алынған мәлімет көбіне шындыққа ұласпайды. Сөйтіп ол науқастардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.