Төтенше жағдай кезіндегі қауіп-қатерге арналған форум өтті
Халықтың денсаулығын қорғау мен төтенше жағдай саласында кездесетін қауіп пен тәуекелге мемлекеттер бірігіп қарсы тұруы керек.
Алматыда осы мәселені талқылауға арналған халықаралық форум өтті.Қазақстандық және шетелдік медицина мамандары бірауыздан ең алдымен жаһандық сын-қатерлердің алдын алуға басымдық берілуі керек, деп есептейді. Сарапшылардың айтуынша, пандемия бүкіл әлемге сабақ болды. Осыған байланысты қауіп-қатерге қарсы тұру үшін бірінші кезекте дәрі-дәрмек пен азық-түліктің стратегиялық қорын жасақтау қажет. Форумда сонымен қатар индустрияландыру тақырыбы да сөз болды.
Баян Демеуова, фармацевтикалық компанияның коммерциялық директоры:
- Үкімет орындарының адамдары министрлік адамдары бәрі ойланып, кәдімгі бір жол картасы деген болады. Оны қалай жасаймыз? Мәселе қала шешіледі? Заң жолмен қалай шешіледі? Соның бәрін қазір талқылап, бүгінгі резолюцияны бүгін бітіреміз. Отырған адамдардың барлығы сұрақ қойып отырған адамдардың барлығы қолдарын қойып, оны үкіметке қарай мәжіліске, үкіметке жбереміз.