Қонаев қаласындағы саяжайда жарық сөніп қала береді

Қонаев қаласындағы саяжайда жарық сөніп қала береді

Қонаев қаласының қасындағы «Құрылысшы» саяжайында электр жарығы жиі сөнеді.

Елді мекендегі тоқ тарататын құрылғының әбден ескіруі себепті жиі күйіп кетеді. Жарық өшкесін не су, не жылу жоқ. Бұл мәселе қашан реттелмек?

Қонаев қаласының қасындағы «Құрылысшы» саяжайында электр жарығы жиі сөнеді. Елді-мекендегі тоқ тарататын құрылғының әбден ескіруі себепті жиі күйіп кетеді. Жарық өшкесін не су, не жылу жоқ. Бұл мәселе қашан реттелмек? 

«Құрылысшы» саяжайында қазір мыңнан астам адам тұрады.  Дамалыс күндері келіп, бау-бақшамен айналысуға арналған үйлердің иелері қазір осында жыл он екі ай тұрақты тұрады. Электр қуатын тұтыну артқан соң ескі трансформатор қысымға шыдас бермей, жиі бұзылады. «Жарық өшкен соң, үйдегі тұрмыстық техника да күйіп кетеді» дейді тұрғындар.

Айша Өмір, қала тұрғыны:

- Свет өшсе су өшеді, су өшсе сеть ұстамайды ана жерде антенна бар.Сөйтіп отырамыз интернетсіз сусыз, светсіз. Бір сағаттан кейін қосамыз дейді ол жоқ. Күтіп отырамыз кешке дейін.

Саяжай тұрғындары бірлестік құрып, ай сайын электр жарығының ақшасын бір шотқа жіберіп, төлейтін. Мұндағы тоқ тарифі 1 киловатына 28 теңге. Бірақ, бірлестіктің «Алматы жарық компаниясына»  қарызы өсіп кетуінен мекеме  жарықты жиі сөндіретін болды. Қазір Қонаев қаласының әкімдігі осындағы электр жүйесін жаңалауға кірісті.  

Дархан Қарақонысов, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда дача кооперативте АЖК алдында 30 млн жуық берешектері бар. Бұл жақта қайта қайта өшіре берді светтерін халық төлемегеннен кейін. Қазіргі таңда светтерін біз өзіміздің балансымызға алып жатырмыз ЖКХ қаланың» скл «Қазіргі таңда алты трансформатор орнаттық. Жұмыстар жалғасуда. Қалған көшелерге СИП-тар тартып жатырмыз.

Саяжай аумағы ұлғайған соң жаңа электр бағаналары орнатылады. Ықшамаудан қаланың құрамына кіреді. Трансформаторлар толық ауыстырылған соң әр абонемент қалалық электр жүйесіне жалғанады. Сонда тариф те арзандайды. Бұл жұмыс бір айдың көлемінде аяқталауы керек.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев