Абай облысында орман өртінің беті қайта бастады
Қызыл жалынның негізгі ошағы сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір өрт сөндірушілер су себу, құм төгу жұмысын жалғастырып жатыр. Ал осыдан 2 күн бұрын эвакуацияланған Березовка санаторийі ауылы тұрғындары үйлеріне орала бастады.
Жанат Бақытхан, өрт сөндіруші:
- Су құю жұмысын жүргізіп жатырмыз. Өрттің қайта өршіп кетпеуін қадағалап жатырмыз. Әлі де жұмыс көп. Бүгін кешке дейін осында боламыз. Тағы да өрт шықса, күзетеміз.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
- Бұл жұмыстың қашанға дейін созылатыны әлі белгісіз. Жел әлі басылған жоқ. Өрт кез келген уақытта қайта тұтануы мүмкін. Сондықтан 2 тікұшақ тоқтаусыз бақылау жүргізіліп жатыр.