Таразда құрлық әскерлерінің өрт сөндірушілері арасында жарыс өтті

Республикалық бәсекеге Оңтүстік, Шығыс пен Батыс және Астана өңірлік қолбасшылығынан бес команда қатысты.

Құтқарушылар бірінші кезеңде ғимараттағы өртті сөндіріп,құтқару операцияларын жүргізді. Екінші айналымда жанар май бекетіндегі төтенше жағдайда әрекет етіп, оқ-дәрі қоймасындағы жалынмен күресті. Соңғы сайыста құтқарушылардың шыдамдылығы сыналды. Жарыс нәтижесінде Батыс өңірлік қолбасшылығының құрамасы жеңіске жетті. 

Абзал Әбдірайымов, жарыстың бас төрешісі:

- Әскери өрт сөндірушілердің жауынгерлік кәсіби дайындығын көтеру мақсатында осы жарыс ұйымдастырылды. Әр әскери қызметші өте жоғарғы дайындықпен келгенін көрсетіп жатыр. Бір-бірінен қалыспайды. Бұл жерде осал команда байқаған жоқпыз. Барлық жарыс тартысты өтті.

Сұлтан Ахметбеков, жарысқа қатысушы:

- Таразда болған жағдай Королевка жарылды, құдай сақтасын әрине. Соған мысалы осындай жарыс сондайға беріледі. Ондай нәрсе болмас үшін. Болған жағдайда да ерте қимылдап бәрін өшіріп уақытылы үлгеріп сондай жағдайға келтірмеу үшін болады мұндай жарыстар. Мұндай жарыстар көп бере беру керек. Опыт жинайды, үйренетін заттары бар.