Елордада Ш. Қалдаяқов әндерінің кеші өтті

«Менің Қазақстаным». Елордада осындай атаумен әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов әндерінің кеші өтті.

Ән әлемінің падишасы, "Вальс Королі“, алты алашты әнімен тербеткен композитордың туындыларын, елімізге танымал эстрада жұлдыздары орындады. Концертті тамашалаған көрермендер де әншілермен қосыла ән шырқады.

Наркенже Серікбаева, дәстүрлі әнші:

- Шәмші атамыздың әндерін білмейтін қазақ жоқ, қазір сіздің өзіңізге «Бойында Арыстын» деп жәй айтағойсам сіз өзіңіз «Өзіңмен таныстым» деп айтып кетесіз, сол сияқты өлмейтін әнімен, өшпес әнімен қалған халық есінде. Барлық әнін сүйіп тыңдаймын,бірақ ең сүйіп орындайтын әнім «Отырардағы той» бүгін осы кештің Алла қаласа, бастын осы ән тартуымен шарқағалы жатырмыз.