Аты шулы «5:32» веб-сериалы екі мәрте сотта ұтылды

Сериалдың шығармашылық тобына авторлық құқықты бұзды деген айып тағылған.

«Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» атты кітаптың авторы былтыр сотқа жүгінген болатын. Дегенмен, сериалдың шығармашылық тобы сценарий толығымен тарихи деректерге сүйене отырып жазылғандығын айтып, олар авторлық құқыққа жатпайды деген пікірде.

Бұл маньяктар мен қанды қол қылмыскерлер жайлы түсірілген аты шулы «5:32» веб-сериалы. 13 бөлімнен тұратын туынды осы күнге дейін түрлі видеохостингтерде 80 млн қаралым жинап үлгерген. Отандық кинематографияға үлкен серпіліс әкелген сериал. Дегенмен, бұндағы сценарий ұрланған.

«5:32» веб-сериалының авторларына осындай айып таққан журналист Асқар Жалдинов оларды сотқа берген екен. Айтуынша, бұндағы эпизодтар оның «Вне протокола.

ДЕРЕККӨЗ: Диктатура закона

«Тайны громких преступлений в Казахстане» атты кітабынан алынған. Осылайша шығармашылық топ авторлық құқықты бұзып, сценарий қандай дереккөздерге сүйеніп жазылғандығы көрсетілмеген екен.

Асқар Жалдинов, журналист:

- Режиссер мен сценаристер қалай менің құқығымды бұзғанын, соны дәлелдеу үшін сотқа бергем. Дәлелдедім. Ол енді бір ғана сотпен емес, екі соттың инстанциясымен қабылданған шешім. Соттың шешімі әділ деп есептеймін.

Соттың алғашқы шешімі биыл наурыз айында шыққан болатын. Оған сәйкес шығармашылық топ веб-сериалдың кей эпизодтарының сценариін жазу кезінде Асқар Жалдиновтың кітабын қолданғандарын ашық түрде жария ету керек. Тағы авторлық құқықты бұзғандары үшін зардап шеккен тарапқа 4 млн теңгеден астам өтемақы төлеу міндеттелді.

Асқар Жалдинов, журналист:

- Соттың шешімінде былай айтылған: сериалдың титрларында мен көрсеткен серияда, ол 3 серия материал қайдан алынғаны көрсетілуі керек. Ол жаңағы менің кітабым көрсетілуі керек және кітаптың авторы ретінде мен жазылу керекпін. Енді білмеймін, егер арғы жақ осымен қанағаттандырылмаса, ұяттары жоқ болса олар жоғары сотқа кассацияға беруге құқылы.

Ал сериал авторлары шыныменде сот шешімімен қанағаттанбайтындықтарын айтуда. Salem Social Media компаниясы Жоғары сотқа аппеляциялық шағым беруді жоспарлап отыр. Өйткені шығармашылық топ сценарий жазу барысында Асқар Жалдиновтың кітабынан ештеңе ұрланбады дейді. Бұның барлығы жалпыға белгілі тарихи деректер деген пікірде.

Ақмарал Түрдібаева, компанияның заңнамалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі:

- Сценарий авторлары сот барысында бұл кітапты фактчекинг ретінде қолданғандықтарын мойындаған. Яғни, бұндай қылмыстардың шын мәнісінде болғанын, не болмағандығын растау үшін пайдаланған. Сериал мен кітаптың сәйкестігі тек тарихи деректерде ғана. Ал бұл фактілер авторлық құқықпен қорғалмайды. Мұндай деректер көптеген мақалаларда, интернеттегі ашық дерек көздерінде қолжетімді. Сол себепті біз сот шешімімен келіспейміз.

Жалпы Қазақстанда авторлық және сабақтас құқықтар туралы заң 1996 жылы қабылданған. Авторлардың айтуынша, бұл нормалар қазіргі заман талабына сай келмейді. Ал әділет министрлігі болса, шығармашылық туындылар жан-жақты қорғалған дейді. Авторлық құқықты бұзған тұлғаға айыппұл төлеуді міндеттеуден бастап, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Нұрхан Қабдығалиева, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің басқарма басшысы:

- Рәсімдеу талап етілмейді. Бірақ зияткерлерлік меншік институты республикалық патенттік кәсіпорында мемлекеттік қызмет ретінде көрсетіледі, ол жерде авторлық және сабақтастық құқықтар. Реестр произведении авторских и смежных прав. Соған өзгерістер енгізуге болады. Соған тіркеуге болады.

Жалпы биылғы жылдың бірінші тоқсанында авторлық құқықтың бұзылуына қатысты сотқа 141 арыз келіп түскен.

Авторлары: Риат Шони, Мұрат Әріпханов, Нұрғали Мамырбаев Және Қарлығаш Меңаяқова