Елордада мерекелік сурет салу байқауы ұйымдастырылды
«Бәйтерек» монументі жанындағы алаңда бүлдіршіндердің асфальтқа сурет салу байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған дипломатиялық бөлімдердің еңбеккерлері мен халықаралық ұйым мүшелерінің балалары қатысты. Түрлі-түсті бор арқылы өнер көрсеткен 30-ға жуық бала аниматорлармен бірігіп, әуелете ән де шырқады. Шара соңында балақайларға диплом мен сыйлықтар табысталды.
Айдана Амангелді, оқушы:
- Менің жасым 11-де. Мен асфальтқа Қазақстанның туын салдым. Қазақстанды қатты жақсы көрем және сурет салғанды жақсы көремін.
Жан Ғалиев, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы:
- Балалар – біздің болашағамыз. Оларға көп көңіл бөліну керек. Бүгінгі шара, бәрінің басын біріктірді. Яғни, жасы мен азаматтығына қарамастан олар өзара тіл табысып, сурет салу арқылы өнерлерін көрсетті.