Ішкі істер министрі Астана проблемаларының картасын таныстырды

Астана проблемаларының картасы.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елорда тұрғындарымен кездесу барысында осындай жобаны таныстырды.

Оның негізінде ұрлық, алаяқтық, отбасындағы зорлық-зомбылық сияқты қылмыстардың алдын алу жатыр. Бас-аяғы 38 бағыт қамтылған. «Мұндай тәсіл абстрактілі емес, нақты проблемаларды анықтауға, жүйелеуге және жоюға мүмкіндік береді» деді министр.

Астанада қылмыс деңгейі биыл 17 процентке төмендеді. Ал арнайы карта көрсеткішті одан сайын жақсартуға көмектеседі дейді министр. Өйткені онда негізгі деген 7 бағыт ескерілген. Оның ішінде қарапайым халық үшін өзекті саналатын 38 проблеманы болдырмау тетіктері бар. 

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Көп жерде біз себебімен емес, салдарымен күресіп жатырмыз. Сондықтан осы тұжырымдамада проблеманы шешуге бағытталған тәсілдер дейміз. Қандай проблемалар? Оның қайнар көзі неде? Неге бұл қызлыстар қайталанып жатыр? Сондқытан, осы тек қана полиция құзіретінде емес, жергілікті атқару билік бар. Басқа өкілетті органдар бар. Қоғам бар. Үкіметтік емес ұйымдар бар. Солармен бірлесіп, осы қылмысты, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатын да жасалып жатқан карта. 

Арнайы картада құқық бұзушылық орын алатын мекен-жайлар көрсетіліп, оларды азайту бойынша нақты ұсыныстар әзірленген. Оның барысында әр аймақтың өзіндік ерекшелігі де негізге алынды деді министр.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бұл үлкен концепция. Бұл жерде біз әр қаланың, әр регионның өзінің ерекшеліктері бар. Соған арнайы бүгін міне осы қалалық акиматпен бірге осы қалаға тиесілі қандай проблемалар бар екенін, соның бәрін талқылаймыз да сосын бұл диагностикалық крата сиқяты ғой. Ауру неден, соны қалай емдейміз, соны қалай шешеміз, осы мәселе. 

Арнайы картада қылмыстарды алдын алудан бөлек жол инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және басқа да әлеуемттік-экономикалық маңызы бар  мәселелер де ескерілген. 

Аслан Қаженов