Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел жаттығу өткізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында "Қалқан-2023" жедел оқу-жаттығуын өткізді.

Бұл шара 3 кезеңмен жүргізілді. Шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министірліктерінің, сонымен қатар, Ұлттық ұлан бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жиындары барысында мемлекеттік органдардың террорлық және діни-экстремистік ұйымдардан төнген қауіпті тойтара білуі мен арнайы шекаралық операцияларды жүргізудегі нақты іс-қимылдары пысықталды. Шараның қорытындысы бойынша құзыретті органдарға бірқатар нұсқама берілді.