«Көлеңкелі бизнеске» тосқауыл қойылды

Шетелдік тауарды заңсыз әкелуді кәсіпке айналдырған пысықтардың жолы кесілді.

Қазақстан былтырдан бері экспорттық декларацияны онлайн алмасуды енгізді. Яғни өзге елден Қазақстанға бет алған тауар туралы алдын ала ақпарат беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Жаңа әдіс бір жылда жемісін берді. Мәселен, былтыр Қытаймен арадағы кеден бекеттерінен түскен салық сомасы 60 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде 465 млрд теңге бюджетке түсті. 

 Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі:
- Дегенмен алшақтықтарды азайту мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру жүзеге асырылды. Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан Бас диспетчерлік басқарма құрылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пункттеріндегі жедел ахуалға қашықтықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.