Талдықорғанда 24 отбасы баспаналы болды
Бүгін Жетісу облысының құрылғанына бір жыл толды.
Атаулы күнге орай Талдықорғанда әлеуметтік осал топтағы 24 отбасына пәтер кілті табысталды. «Нұрлы жер» бағдарламасымен бой көтерген үйлерге жетім, мүмкіндігі шектеулі және толық емес жанұялар қоныстанды. Жалдамалы баспанада тұрып келген олар енді жаңа ықшам ауданның тұрғыны атанады. Балалары да жаңа мектепке барады. Облыс орталығында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Биыл қолданысқа берілетін пәтер саны былтырға қарағанда сегіз есе артады. Яғни үй кезегінде тұрған 15 мыңнан аса адамның 1900-ден астамы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайды.
Күлия Мырзатаева, қала тұрғыны:
- Біз Қапалдан көшіп келгелі 25 жыл болды. Содан бері квартира тұрып тұрып, 2005 өшіретке тұрғам. Мүгедектіктен. Скл Енді міне сәті түсіп квартира алып қуаныштымын.
Әсет Масабаев, қала әкімі:
- 98 пәтер бар одан соң 36 пәтерді бір екі айда береміз. Одан кейін 9-ықшам ауданындағы 31 үйіміз бар. Олар несиелік үйлер. Отбасы банк арқылы жәнеде қала кезегінде тұрған азаматтар қатысады. Биыл осы 2023 жылға 1917 пәтер береміз.