Абай облысындағы алапат өрттің екпіні басылды

Жедел штаб өкілдерінің хабарлауынша, 60 мың гектарға жайылған қызыл жалынның негізгі ошақтары сөндірілген.

Қазір өрт сөндірушілер қоламтаға су себу, құм төгу жұмысын жүргізіп жатыр. Елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Осыдан 5 күн бұрын Семейге эвакуацияланған Бұлақ ауылының 117 тұрғыны үйлеріне оралды. Оқиға орнында 1800-ге жуық адам мен 350-ден астам техника жұмыс істеп жатыр.