Ақтөбе облысында 16 мыңға жуық көлікке қазақстандық құжат берілді
Биыл Ақтөбе облысында шетелде тіркелген 16 мыңға жуық көлікке қазақстандық құжат берілді.
Қазіргі таңда 10 мыңнан астам жүргізушінің өтініші алдын ала мақұлданды. Бұл санатқа жататын көліктер былтырғы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін шекарадан өтіп, барлық кедендік рәсім жасалуы тиіс болатын. Сонымен қатар, тіркеуде тұрған елден есептен алынуы қажет. Шетелдік көліктерді заңдастыру елімізде 1-ші шілдеге дейін жалғасады.
Данияр Сарқұлов, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығы бастығы:
- Сонымен қатар автоконструктор дейміз. Оларды да заңдастырып жатыр. Олардың саны 200-ден аста. Олардың басрлығы да заңдастырылды. Қазіргі таңда өтінімдері қабылданып жатыр. Және де оларға қазақстандың техпаспорт дейміз сонымен және де мемлекеттік белгілер берілуде.