Өскеменде көзі нашар көретіндерге арналған инклюзивті театр ашылды

Оған өлкеге белгілі режиссер Станислав Цих жетекшілік етеді.

Әзірге шығармашылық топ көзі мүлдем көрмейтін я болмаса нашар көретін он адамнан тұрады. Болашақта  арбаға таңылған, түрлі апаттан зардап шеккен азаматтар да труппаға қосылуы мүмкін. Ерекше жандар алғашқы күні зағип жандарға арналған  кітапхана сахнасында театр этюдтерінен шағын қойылым көрсетті.

Станислав Цих, режиссер:

- Бұл біздің театр​ әлеміне жасаған алғашқы қадамымыз. Күзде бұдан да жақсы өнер көрсетеміз деген ойдамын. Тіпті​ біраз шыңдалған соң өзіміз арнайы қойылым қоямыз ба деген жоспарымыз бар.​

Александра Леонтьева, актриса​:

- Бұл менің бала кезгі арманым еді. Сахнада өнер көрсету, кейіпкерлерді сомдау маған ерекше ұнайды. Әр шыққан сайын шабыт аламын. Көрермендердің қолпаштауы айырықша әсер етеді.