Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәлімдемесі

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қазақстандықтардан Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұрайды.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген, еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұру міндетті түрде ұсынылады делінген хабарламада. Консулдық есепке онлайн тұруға болады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.