Алматы облысында мың отбасы баспаналы болады

Биыл Алматы облысында, мың отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығы – Қонаев қаласы мен әр аудан орталығында тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Қазір Бақанас, Ұзынағаш, Шонжы ауылдарында, Есік пен Қаскелең қаласында жалдамалы үйлердің құрылысы аяқталып қалды. Бұл баспаналарды қоңыр күзде тапсыру жоспарда тұр. Оған ең алдымен көпбалалы аналар, мүгедектер, құқық қорғау, медицина мамандары және мемлекеттік қызметкерлер қоныстанады.

Былтыр облыста пәтер кезегінде тұрған 1500-ге жуық адам баспаналы болды.

Марат Нәбиұлы, Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Абаттандыру жүргізіліп жатыр. Газын тартып қойған. Ар жағынан инфрақұрылымы салынып жатыр. Орталық котельный болады. Орталық кәріз жүйесі болады.