Шымкенттегі дендробақ көліне су келе бастады
Маңайында құрылыс жұмыстары жүріп, салдарынан су тартылып қалған еді.
40 жылдан бері ағаш суаруға және өзен арнасын толтыруға пайдаланылған каналдың кей жері бүлініп, қирай бастаған болатын. Су жетпегесін біраз ағаш қурап қалды. Қазір сумен қамту жүйесі қалпына келтірілді. Дендробақта қазақстанның қызыл кітабына енген және әлемде сирек кезедесетін өсімдіктердің түрлері өседі. Мамандар қалыптасқан жағдайды толық анықтау үшін кешенді сараптама жүргізетін болды.
Гүлнәр Сапарымбет, дендропарк директоры:
- Толыққанды толтырылды біздің көлдеріміз. Жаңағы су құбыры толыққанды іске қосылды. Одан басқа жаңа өздеріңіз аралап көрдіңіздер 4 жаңа ұңғыма қазылып жатыр. Соның бірі су беріп тұр. Қазір осы 10 күннің ішінде 2 су ұңғымасы іске қосылады. 15 -20 күннің ішінде сумен қамтамасыз ету толық іске қосылады. Бұл бізге өте бір қуанышты жағдай.