Елордада айт күндері құрбандық шалатын арнайы орындар бар
Елордада айт күндері құрбандыққа шалуға арнап арнайы бес орын белгіленген.
Бұл қаладағы базарлардың маңы. Ниеттенген жамағаттың көп болуына байланысты базарларда кезек бар. Астанада құрбандыққа шалу рәсімі таңғы 08:00-ден басталды. Малды алдымен ветеринарлар тексеріп, сойылған еттің сапасын мамандар қадағалайды. Себебі мал еті, интернаттар мен мұқтаж жандарға жеткізіледі. Сондықтан қаланың бас санитарлық дәрігері қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертті.