Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр
Елде соңғы 2,5 жылда отбасындағы зорлық-зомбылық себебінен 300 адам көз жұмды.
Мыңнан аса адам дене жарақатын алды. Үй ішінде жанжал шығарған 37 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізуді тапсырды. Әсіресе, учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқаруы керек. Сонда ғана адам өмірін аман алып қала аламыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан құқық қорғау органдары адамдардың құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық моделін өзгертуде шешуші рөл атқара алады және атқаруы қажет.