Елде жол-көлік оқиғалары көбейді

Елде соңғы үш жылда жол-көлік оқиғалары 9 пайызға көбейді.

Салдарынан алты жарым мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алды. Мәселен, жаяу жүргіншілердің кінәсінен тек биылдың өзінде 164 жол-көлік оқиғасы болған. Мұны жиында Президент айтты. Жуырда ғана электр самокаттарын және басқа да жеке көлік құралдарын пайдалану тәртібін реттейтін заң қабылданды. Енді көліктің жаңа түрлері ережемен жүріп-тұруы қажет.

Цитата

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Шын мәнінде, біз жыл сайын ірі елді мекендердің халқынан айырылып отырмыз. Бұл – еліміз үшін нағыз қасірет. Біз адамдардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін үнемі айтамыз. Сондықтан жағдайды түзеу үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Ең алдымен, барлық азаматтың назарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға аудару керек.