Ақтөбе облысындағы ауылдарға газ бен су тартылады
Биыл Ақтөбе облысында 18 ауылға су, 12 елдімекенге газ құбыры тартылады.
Ауылдарды айтпағанда, облыс орталығының өзінде су тапшылығы сезіледі. Бұл ретте Моисеев және Сарыбұлақ кен орындарынан қалаға қосымша құбыр тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, су тазалағыш қондырғы орнатылады. Жобаның жалпы құны 30 млрд теңге. Мамандардың айтуынша, жоба іске асқан кезде қалада шамамен 40 жылға дейін су тапшылығы болмайды. Жалпы, облыстағы елді мекен тұрғындарының 90 проценттен астамы су, ал 93,4 проценті көгілдір отынмен қамтылған.
Ержан Мұздыбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Қалып отырған 60 елді мекен бар. Оның ішінде 60 елді мекенді біз 2024 жылға дейін 21 елді мекеніне орталықтандырылған су және 14 елді мекенге кешенді блок модулді орнататын боламыз. Ал қалып отырған 25 елді мекен бойынша бізде халықтың саны өте төмен. Толығымен біздер Президенттің тапсырмасын 2024 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.