Қостанай облысында ауылдардың жолы жөнделеді

Арқалық қаласының іргесіндегі Родина ауылының көше жолдары ойдым-ойдым, шұрық-тесік. 

Жаңбыр жауса ми батпаққа айналады. Көлік түгілі жаяу адамның жүруі қиын. Родина тұрғындары осылай деп шағымданды.

Родина ауылы Арқалық аумағындағы іргелі елді мекендердің бірі. Мұнда үш мыңға жуық халық тұрады. Орталықтандырылған су желісі, көшелерінде асфальт болған. Бірақ уақыт өте оның бәрі тозып, жарамсыз күйге жеткен.Оның үстіне екі жыл бұрын су құбырын ауыстырғанда, жолдың бәрін астан-кестенін шығарып тастап кеткен.  

Қайрат Молдағалиев, Родина ауылының тұрғыны:

- Су тартқанда  мынандай яма болып қалады, Асты бос қой,оны биыл қазғаннан кейін, қайтадан түседі де. Мына жақ көшелер да солай, каждый көшелерде қазған орыны дұрыс неғылмаған, ол артынан кейін көктем кезінде қайтадан сумен езіліп, қайтадан ішіне түсіп кетеді.

БЛИЦ

- Жаңбыр кезінде қиын. Қиын батпақ. Қонағымыз келуге айтады. Сендерге барғымыз келмейді. Жолдарың жаман вообще. 

Екі күн бұрын алты көшеге мынандай қиыршық тас төселіпті. Табан астын нығыздап, тегістемесе, мұның бәрін бекер дейді тұрғындар. Ал ауыл әкімі Еркін Қожахметов көше жолдарының басым бөлігі биыл талапқа сай жөнделеді деп отыр. Оған бюджеттен 406 миллион тенге бөлінген.    

Еркін Қожахметов, Родина ауылдық округінің әкімі:

- Жалпы ауылымызда 24 көше бар. Биылғы жыл 17 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Келесі жылға бюджеттен қаражат бөлінсе, қалған көшелерді істеу жоспарлануда. Ол қалған көшелерге жобалық сметалық құжаттар дайындалған. 

Ауыл әкімі шынымен қарап жатқан жоқ. Тіпті 23 көшені қосымша  жарықтандырудың жобасын әзірлеп, тендрін өткізген. Енді сол мердігерлер ұятқа қалдырмаса деп отыр. Бекітілген жоба бойынша биыл 17 көшенің жолын тендрді жеңіп алған компания шілденің 10-ына дейін асфальтын төсеп, жөндеп болуға міндетті. 

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг