Суды тиімді пайдалану қажет
Биылғы вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, бірқатар елмен жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан-Тәжікстан-Өзбекстан» үшжақты форматында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бекітілді. Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары осылай дейді. Сейілбек Нұрымбетовтың айтуынша, үлкен каналдың біздің елдегі бөлігіне 490,8 миллион текше метр су түседі. Ал оны тиімді пайдалану мен сол арқылы егінді сақтау мақсатында арнайы іс-шаралар қабылданған.
Сейілбек Нұрымбетов - ҚР ЭТРМ су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары:
- Вегетация кезеңіндегі жұмыс жоспары бекітілді. Оның шеңберінде келесі бағыттарды қамтитын сыртқы жіне ішкі шаралар іске асырылуда. Бірінші фермерлерді суармалы сумен және жоғарыда орналасқан су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттермен жұмыс жасау. Екінші, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу қалпына келтіру жұмыстары. Суару жүйесінің магистралды және шаруашылық аралық каналдарды тазалау және төртінші, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша.