Атырауда екі қайық соқтығысып, 7 адам жарақат алды

Атырауда екі қайық соқтығысып, 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Олардың төртеуі жас бала. 6 жастағы бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қатты соққыдан басына зақым келген, әзір есін жиған жоқ. Оқиға Жайық өзенінде болған. Серуенге арналған 2 қайықта 35 адам отырған екен. Олардың біразы жеңіл жараланған, сондықтан үйіне қайтарылды. Қазір 3 бала облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр  

Алмагүл Әбілова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Екеуі жарақат бөлімінде ем алуда. Бір науқас 2017 жылғы бала қазіргі жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Әртүрлі жарақаттар алған. Бала ауыр бас ми жарақатын алған. Ашық бас-ми жарақаты алынған, комада жатыр. Таңғы сағат 5-те операция жасалды. Дәрігерлердің бақылауында.