Көне Бозоқ қалашығын жаңғырту жұмыстары басталды
Бұл – Еуразияның далалық аймағында ең көп зерттелген ескерткіш.
Халықаралық археологтар мен тарихшылар тобы Елордада бас қосты. 2 күндік конференцияда зерттеу жұмыстары түйінделмекші. Сарапшылар алдағы уақытта Бозоқ маңында ашық аспан астындағы музей бой көтеретінін жеткізді. Сондай-ақ аумақта орта ғасырдағы қазақ астаналары бейнесіндегі визит орталық салынады.
Айнагүл Ғаниева, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми хатшысы:
- Бозоқ қаласында археологиялық зерттеулер 15 жыл бойы жүргізілді. Қазіргі таңда ғалымдардың, археологтардың ерен еңбегі өндіріске еніп отыр деуге болады. Ғылымның өндіріске енуі. Неліктен? Өйткені 2018 жылы «Бозоқ» музей-қорығы ашылған болатын. Қазіргі күні осы қалашықтың бойында үлкен ашық аспан музейін құрылысын бастап отыр.