«Оператор РОП» құрылтайшысы ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінде жасырыныпты. Енді Бас прокуратура оны елге қайтаруға кіріседі. Еске салайық, Шынар Мұхтарова аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінген болатын.