Биыл елде 146 мектеп ашылады
Биыл елде 130 мың балаға арналған тағы 146 мектеп ашу жоспарланып отыр.
Оның 62-сі сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынады. Бұл жөнінде Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында айтылды. Жиында қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушыға орнын ашу мәселесі де қаралды. Премьер-Министр ұлттық жобаны іске асыру аясында мердігерлік ұйымдар мен жер учаскелерін анықтауды тапсырды. Бұл инфрақұрылым, жолдар және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты. Әр өңір бойынша тиісті жол карталары дайын, осы мәселелердің барлығын жедел шешу қажет деді. Сапалы интернетсіз жайлы мектептер өз атауына сай болмайтынын да баса айтты. Үкімет басшысы жаңа білім ордалары тек жарақтандыру бойынша емес, сондай-ақ білім сапасы бойынша да мықты болуға тиіс екенін жеткізді. Ол үшін алдағы жылдары заманауи әдіс тәсілдерді меңгерген 49 мың педагог даярланады.