Екібастұз қаласы қысқа қамданып жатыр
Екібастұз қаласында қысқа дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Жылу-электр орталығындағы 10 қазандықтың екеуі толық жөндеуден өтті. 8 қазандық бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, қаланың жылу желісіне техникалық аудит жүргізілді. Гидравликалық қысыммен тексеру барысында 200-ден астам ақау анықталып, жойылды. Желі күзде тағы бір мәрте тексеріледі. Жалпы, қалада 690 көппәтерлі үй бар. Кешенді тексеріс барысында 184 үйдің ешқандай басқарушы компания меншігінде жоқ екені белгілі болды. Қазір 570 үйге қысқа дайындық актісі берілді. Ал басқарушысы жоқ үйлерді дайындауға қаладағы ірі кәсіпорындар көмектесуде. Сондай-ақ, қалада 4 жылу магистралі жөндеуден өтеді. Бүгінде жұмыс межесі 60 пайызды еңсерді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- Павлодар облысында тек қана Екібастұз қаласында дайындық жүріп жатқан жоқ. Жылу маусымына бүкіл қалаларда және аудандарда дайындық жүріп жатыр. Біздің өзіміздің облыс бойынша 5 жылу станциясынан бөлек, 400 қазандық бар. 400 қазандық, жаңағы, ауылдардың мектептері, мәдениет үйлері, спорт кешендері, солай да солай, қатарымен санағанда 400 қазандық бар. Бәрі қазандықтар нақты кестемен бекітіліп, сол жердегі жөндеу немесе дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Біз ол жұмыстардың бәрін осы жылу маусымы – 2023-24 жылдың жылу маусымына толықтай дайын болады.