Алматыда Best of ASCO Kazakhstan-2023 онкологтар саммиті өтті
Елімізде жыл сайын 13 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруынан көз жұмады.
Жылына 40 мыңнан астам тұрғыннан онкологиялық дерт анықталады. Оның 5 мыңы сүт безі, 4 мыңға жуығы өкпе рагы. Бұл туралы Алматыда өткен Best of ASCO Kazakhstan-2023 онкологтар саммитінде айтылды. Оған 7 елден мамандар келді. Халықаралық және отандық сарапшылар аты жаман ауруды емдеудің диагностикасының жаңа тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ, науқастардың өмірін ұзартуға септігін тигізетін медициналық препараттарды таныстырды. Өкінішке орай, соңғы кезде бұл ауру жас талғамай барады. Бұрын егде жастағы адамдар шалдықса, қазір 45-50 жастағыларда жиі кездеседі.
Бақытжан Оңғарбаев, қазақ онкология және радиология ҒЗИ басшысының орынбасары:
- 3 ай сайын жаңа дәрілер шығып жатыр. Себебі, фармакология жағынан көптеген иммунмонкологиялық дәрілер шықты. Таргеттік препараттар, соларды заманмен бірге бір қадам басу үшін осындай үлкен конгресстер қажет. Себебі, бірінші ол ақпарат жеткізу. Екінші, егерде ол препараттар рекомендация бойынша емдік протоколда енгізілсе, сонда бізде енгізу үшін, біздің республикада регистрация жасау үшін халыққа жеткізу үшін сондай жұмыстар қажет.