Павлодар облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ₸1,5 млрд бөлінді
Павлодар облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді.
Жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығы мен агроөнеркәсіп салаларын дамытуға бағытталған. Десе де, өзге бағыттар бойынша ұсынылған жобалар да қарыстырылады Мәселен, омарташылық кәсіпті қолға алып, жылыжай ашуға ниетті ауыл тұрғындары баршылық. Тиімді жобаларды іске асыру нәтижесінде 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бағдарламаның мақсаты да сол – жұмыссыз жүрген азаматтарға қолдау көрсету.
Айта кетейік, осы күнге дейін кәсіпкерлер тарапынан 200-ге жуық өтініш түсіп, 116-ы іріктілеп алынған. Өтініштер әлі де қабылданып жатыр.
Төлеген Көшербаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінгі күнге дейін 112 шағын несие берілді. 200-ге жфуық жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығының дамуына арналған. Халықтың қызығушылығы артқандықтан, салалық министрлікке қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтініш жолданды.