Қазақстандық жас әнші «Славян базары» сайысында жоғары бағаға ие болды
Беларусь елінде 32-ші халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі аясында балалар музыкалық байқауының екінші, соңғы күні өтіп жатыр.
Қазақстанның абыройын асырып, жас әнші Шерхан Арыстан байқаудың бірінші күні қазылар алқасының ең жоғары ұпайына ие болды.
Дана Нұржан, тілші:
- Беларусьтың Витебск қаласында әйгілі «Славян базары» басталды. Осымен 32-ші өнер фестивалінің шымылдығын балалардың музыкалық байқауы ашты. Сайысқа әлемнің 18 елінен үміткерлер келген. Ал қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева төрағалық етіп отыр.
Байқаудың алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Әділқазылар жас талантымыз Шерхан Арыстанның өнеріне жоғары баға берді.
Жалпы біздің өнерпаздар 20 жылдан бері бұл байқауға үздіксіз қатысып келеді. Және де жүлдесіз қайтқан кезі жоқ. Биыл да отандастарымыздың бағы басым болатынына сенім мол.
Авторлары: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров