«Дикий Арман» тобын әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізілді

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан оның басқа мүшелері қылмыстық іспен айналысуын жалғастырған.

Жоспарға сәйкес еліміздің бірнеше қаласында арнайы 3 операция өткізілді. 130-дан астам жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды.