Астанадағы жазғы лагерлер 134 мыңнан астам баланы қамтиды
Қалалық білім басқармасы осындай ақпарат таратты.
5 маусымынан бері елордада 155 демалыс лагері ашылған. Жартысынан көбі мектептерде жұмыс істейді.
Еларыс Мұралбекұлы, жазғы лагерьге келуші:
- Менің атым Еларыс. Мен жетідемін. Мен мына жерге жүзу үшін келдім. менің жақсы көретін сабағым ол роботехника. Мен мына жерге 18-ге толғанша келгім келеді.
Бала арманы лагерь жабылмай, жалғаса берсе деген. Биыл бірінші сыныпты бітірген Еларыс мұнда жүзуді ұнатады. Ал бес жасар Ақнұр бүгін алғаш рет коньки киіп, мәнерлеп сырғанауды үйрене бастады.
Ақнұр Әлихан, жазғы лагерьге келуші:
- Маған лагерь қатты ұнайды. Біз мұндай ән айтып, би билейміз, сурет саламыз, бассейнге барамыз. Бүгін мен коньки тебуге келдім. Мен мектепке де, балабақшаға да бармаймын.
Оқушылар сарайындағы жазғы лагерьге келушілер көп. Әсіресе, жұмысбасты ата-аналар осындай орталықтардың барына риза. Балалар күні-бойы бос отырмай, түрлі қосымшаларға қатысып, уақытын пайдалы өткізгені ұнайды дейді.
Сабыр Әбілкәрімов, қала тұрғыны:
- Екі немерем жазғы лагерьге келіп жүр. Жанель және Алинур. Жаздыгүні үйде отыруға қиындау. Сондықтан осында келіп, өздеріне ұнайтын үйірмелерге, секцияларға барып жүр. Мәнерлеп сырғанау, дизайн, шахматы, тағыда басқа. Балаларға өте ұнайды, бағасы да өте қолдетімді екен.
Амангелді Мырзабаев, жаттықтырушы:
- Сонымен қатар әр апта сайын балалардың көңіл күйін көтеруге арналған спорттық іс шараларымыздың бірі ол көңілді старт. Жүгіру бар, секіру бар, эфстафеталар өткіземіз балалардың. Одан бөлек каратэ, акробатикалық спорттық жаттығуларды үйірмелерде өткіземіз.
Лагерь кішкентай балаларды да, жасөспірімдерді де қабылдайды. Жоғары сынып оқуышалырна арналған бөлек бағдарламалар бар. Негізгі қызмет ақылы. Бірақ көпбалалы отбасыларға, алтын немесе күміс алқа иелеріне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Мақпал Қашқымбекова, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының орынбасары:
- Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында жазғы уақытта «Балалықтың бойтұмары атты» жазғы демалыс академиясы жұмыс істейді. Мұнда билғы жылы 5-ші маусымнан бастап, 16-шы шілдеге дейінгі үш сезонда жұмыс істеп жатырмыз. 241 бала қатысты бұнда. Таңертең уақытта 08:45-те келіп, сағат 13:00-де алып кетеді ата-аналары. Осы уақыттың ішінде балалар екі рет тамақтанады. Сағат оннан бірге дейін. Осы жерде қандай секциялар бар, саның бәріне барып шығады. Лагерь бізде 30 мың теңге тұрады.
Балалар спортық үйірмелерден бөлек, мәдени-танымдық, музыкалық секцияларға қатысады. Ендігі кезекте ата-аналар жазғы лагерьлерді қаланың әр ауданында ашып, қолжетімді қылса деген тілек білдірді. Бұл балаға болашақ даму бағытын анықтап, пайдалы әдеттерді дамытуға сеп болмақ.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Азиза Закумбаева, Ақылбек Есімсейітов