Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы шекара бекеттерінің жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы шекара бекеттерінің жұмысымен танысты.
Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Самат Нұртаза, Максим Рожин, Олжас Құспеков және Болат Керімбек сарбаздардың дайындық жұмыстарына қатысып, өзекті мәселелерін ойға түртіп жатыр. Мәжілісмендер екі апта ішінде бірнеше шекара бекетінде болып, қару асынған жігіттердің әскердегі өмірімен танысады. Сонымен қатар, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара академиясының курсанттарымен кездесіп, оқу-жаттығуға қатысты. Шекарашылардың талап-арызын қағазға түсірген депутаттар Астанаға оралған соң депуттатық сауал жасамақ. Соның бірі – шекара бекетеріне цифрлық технологияны енгізу.
Самат Нұртаза, Мәжіліс депутаты:
- Басты мәселе әрбір сарбаздың, әрбір офицердің проблемасын Астанаға жеткізу. Себебі, көп жағдайда осындай қатардағы жауынгерлердің проблемалары, жанайқайы, мұң-мұқтажы естілмей қалады. Сол штабтан шықпай қалады. Сондықтан да біз жаңағы офицерлердің өздерін шыға тұрыңыздаршы, деп сарбаздармен жеке сөйлесеміз әлімжеттік бар ма, жоқ па, деп.
Максим Рожин, Мәжіліс депутаты:
- Өзінің елін қорғауға даяр болатын азамат бір айлық болса да дайындығын әскерде өткізу керек қой. Өйткені, жағдай алуантүрлі шетімізде. Шекарада ғана емес жалпы әскерде болып қайту үлкен міндет әр азаматқа. Сол міндетке де қазір көзқарас әртүрлі болып жатыр ғой, шынын айту керек.