Қостанай облысына білім беру қорынан қаражат бөлінді
Қостанай облысында 13 мыңға жуық оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етуге мемлекеттен бір реттік қаражат беріледі.
Осы мақсатта жалпы білім беру қорынан жарты миллиард теңге бөлінді. Игі шара әлеуметтік осал топтан шыққан оқушыларды қолдауға бағытталған. Олардың мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін әр балаға шаққанда 40 мың 500 теңге белгіленді. Қаржылай қолдау тамыз айының ортасына дейін жалғасады.
Қарлыға Есмұрзина, білім басқармасының бөлім басшысы:
- Қостанай, Рудный қалалары мен Сарыкөл, Қарабалық аудандарына қаржылай аударымдар басталды. Тәртіп бойынша ата–аналар 15 күн ішінде қаражатты қайда жұмсағаны жөнінде есеп беруге тиіс. Яғни сатып алынған тауардың чегін өткізіп, мектеп формасы мен оқу құралдарын алғанын міндетті түрде растауы керек.