Қарағандыда уланған 2 бала емделіп шықты
Қарағандыда уланған 14 баланың екеуі емделіп, қайтадан әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді.
Кеше түскен екі баланың біреуінің жағдайы -орташа-ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы тұрақты, олар күндіз -түні дәрігерлер бақылауында. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді.
Еске салсақ, Қарағандыдағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала белгісіз заттан уланып, 13 жастағы бір ер бала қайтыс болған еді. Мамандар науқастардан түрлі сынамалар алып, олардың нақты неден уланғанын анықтай алмай жатыр.
Ирина Тасмағамбетова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының м.а:
- Инфекциялық орталық бөлімінде емделіп жатқан екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Олар медициналық әлемуеттік мекеме дәрігерлері бақылауында. Соынмен қатар әлеуметтік қызметтер орталығында емхана қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.