Қарағанды облысында алимент төлеуден жалтарып жүргендер көбейген

Қарағанды облысы Абай ауданында алимент төлеуден жалтарып жүргендер көбейген. 

45 әкенің жалпы берешегі 60  млн.теңгеден асады. Оларды міндеттеуге сот орындаушылары да қауқарсыз. Себебі көбі еш жерде жұмыс істемейді. Бұл мәселе әкімдік өкілдері мен құқық қорғау саласының мамандарының бірлесіп өткізген қоғамдық қабылдау кезінде айтылды. Мысалы, қабылдауға келген үш балалы ананың бұрынғы күйеуі құмар ойынға салынып кеткен. Салдарынан отбасы ойран болды. Алайда балаларының әкесі 6 жыл бойы алимент төлемей, қарызы 6 млн теңгеден асқан.

Алтыннұр Шашубайқызы, Абай қаласының тұрғыны:

- Мен 6 жылдан бері алимент ала алмай жүрдім. Қанша прокурор, сот орындаушыларына жүгіндім, ешқандай шешілмеген еді бұл мәселелер. Сот орындаушылар жасамаған мәселені осы кісілерге айтып келіп отырмын.

Мақсат Айтымбетов, Абай ауданының прокуроры:

-Мемлекеттік қызметті дұрысынан алу, мемлекеттік органдағы бюрократиялық сатылар және қылмыстық істер бойынша әуре-сарсаңға салу бойынша арыздар бар.  Топ үш сұрақ осылар.