Астанада Hongqi автокөліктерінің жабық таныстырылымы өтті
Астанада премиум санатындағы қытайлық бренд Hongqi автокөліктерінің жабық таныстырылымы өтті.
Ірі дилер Allur Premium жоғарыда аталған компанияның Орталық Азиядағы бірінші ресми өкілдігі атанды. Қазір Қазақстан бойынша алдын ала тапсырыс беру басталды.
Сәні мен салтанаты жарасқан Hongqi көліктері жайлылықтың құнын білетіндерге арналған. 65 жылдық тарихы бар премиум санатындағы қытайлық бренд Қазақстан нарығына 4 көлік үлгісімен шықты. Мәселен, оның ішіндегі седанның құны 19 млн теңгеден басталады.
Иван Стремаус, Hongqi брендінің Қазақстандағы дистрибуциясының директоры:
- Біз белгілі блогерлерді арнайы шақырдық. Олар өз кезегінде Hongqi көліктері туралы толығырақ біліп, өзгелерге де кеңінен таныстыра алады. Ең бастысы өнімнің сапасы бағасына сай. Менің ойымша, блогерлер өз оқырмандарын қызықтыра алады.
Осы уақытқа дейін Hongqi көліктері Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары үшін шектеулі санмен шығарылып келді. Тек 2019 жылы әлемдік нарыққа ресми таныстырылып, ТМД елдері ішінде алғаш рет Қазақстанмен әріптестік орнатты.
Дина Қажымұқанова, Hongqi дистрибуциясының маркетинг жөніндегі директоры:
- Көпшілік үздік ондыққа қытай көліктері кіреді деп бәстесіп жатқан шығар. Темір тұлпардың барлық үлгісі Астана мен Алматы қалаларындағы дилерлік орталықтарда қолжетімді. Тұтынушыларға қызмет көрсету аясын кеңейту үшін, басқа да өңірлерде орталық ашуды көздеп отырмыз.
Қытайлық мамандардың айтуынша, Hongqi компаниясы Қазақстанда көлік сатып қана қоймай, өз тарихында тұңғыш рет осы жерде шетелдік өнідіріс алаңын құруға ниетті.
Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ырыстанбек Оспанов