Есілдің бойында Ән ағаның әндері шырқалды
Жыл сайын өтетін дәстүрлі фестивальге жауын сіркіреп тұрса да жиылған жұрт көп.
Өйткені халық қазақ вальсінің королі атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың әр шығармасын сүйіп тыңдайды. Қосыла шырқайды. Шәмші әндері қаншама жылдар өтсе де сахнадан түспей, өміршеңдігі көрсетіп келеді. Бүгін де ЭКСПО алаңында сазгердің айтулы әндері шырқалды.
Гүлжан Сергебаева, ұйымдастырушы тараптың өкілі:
- Биыл біздің жазғы сахнамызда 13 концерт ұйымдастырылады. Бүгінгі концерт Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалі 9-шы концерт. Ертең Біздің сахнамызда "Музыка энергиясы" деген концерт болады. ол классикалық және қазақ ұлттық әндерінің концерті болады.
Қала тұрғыны:
- Шәмші әндері өте тарихи ғой. Есте қаларлық. Сүйіп тыңдайтын әндеріміз "Құстар қайтып барады", "Қайықта", "Сыған серенадасы". Осы қазақша концерттер көбірек боласа екен дейміз. Шәмшінің әндері, басқа да тағы қазақ композитор, әншілерінің концерті бола берсе екен.