Елімізде «Жастармен бірге» республикалық байқауының іріктеу кезеңі басталды
Өтінімдер "ulesqos.kz" сайтында қабылданады.
Республикалық байқауға жастармен бірге, ауыл немесе аудан орталығындағы мемлекеттік органдардың өкілдері де қатыса алады. Үміткерлер алдымен, Алматыда өтетін менторлық кездесуге шақыртылады. Жалпы 6 кезеңнен өтетін байқау "Ules" жобасы аясында ұйымдастырылып жатыр. "Алматы студенттер альянсы" корпоративтік қоры мұрындық болған жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қаржыландырып, 64 млн теңге бағыттаған.
Жасұлан Қуандық, "Алматы студенттер альянсы" КҚ төрағасы:
- Бес кезең бойынша жиналған балдың бәрі есептеліп, соңында 6 кезең дауыс беру, комиссия отырысы өтеді. Соның негізінде "Үздік ауыл", "Үздік жастарға жақын әкім", "Ең жас көшбасшы" деген сияқты номинациялар бойынша біз 20 номинацияны ұсынып отырмыз. Соңында қорытынды марапаттау кеші Астанада өтеді.