Баянауыл ұлттық паркіне цифрлық жүйе енгізілді

Баянауыл ұлттық паркі туристік аймағына кіретін өткізу-бақылау бекетіне цифрлық жүйе енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төлемдер онлайн қосымша арқылы қабылданып жатыр. Тариф бойынша төленетін қаражаттың  жартысы мемлекет қазынасына, қалғаны ұлттық парк қорына түседі.  Мәселен, былтыр туристік аймақтың жалпы кірісі 30 миллион теңге болса, биыл екі есе өскен. Жасыбайға маусым басталғалы 70 мыңдай адам барған.

Абылай Жүнісов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:

- Көрсеткіштің артуына онлайн төлемдер әсер етті деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін өткізу-бақылау бекетінде интернет болмаған. Төлем қолма-қол ақша түрінде жасалатын. Биылдан бастап негізгі төлем карта немесе онлайн-қосымша арқылы қабылданып жатыр. Спутниктік интернет орнаттық. Цифрлық жүйе оң нәтиже берді.