Үкіметтік емес ұйымдар ауылдардың дамуына үлес қосуда

Үкіметтік емес ұйымдар ауылдың дамуына үлес қосуда.

Оған Алматы облысы «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарып отырған жұмысы дәлел. Шелек ауылында құрылған қор фермерлерге шаруа қожалықтарын тиімді басқаруды үйретіп отыр. Азаматтық форумға жиналғандар осы ұйымның жұмысымен танысты.

«Агробизнес орталығы» фермерлер үшін таптырмас тәжірибе алаңы. Дәл осы жерде сапалы тұқымнан бастап, экологиялық таза өнімді алу технологиялары жан-жақты көрсетіледі. Одан бөлек жергілікті қауымдастықтар қоры «Шелек фермерлері» кооперативін құрып, шаруалар үшін бас ауруға арналған сату мен логистика мәселелерін толықтай шешіп берді.

Бақытгүл Елшібаева, жергілікті қауымдастықтар қорының атқарушы директоры (Еңбекшіқазақ ауданы):

- 70-тен астам әртүрлі жобаны іске асырып, осы өзіміздің ауданымыздың дамыуна 1 миллиардтан астам инвестиция тартып отырмыз. Біздің қорда осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам адам оқытудан өтті, біз 25 жаңа агроөнеркәсіптік технологиялар енгізіп отырмыз өзіміздің ауданымызда.

Аймақтағы қордың жұмыс тәжірибесі «Ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі» атты  Азаматтық форумның өзегіне айналды. Басқа облыс, аудандандардан келген сарапшылар  ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін қалай жақсартуға болады, оларға қоғамдық ұйымдар қалай ықпал ете алады деген сұрақтар төңірегінде ой алмасты.

Бану Нұрғазиева, Қазақстан азаматтық альянсының президенті:

- Былай қарасаңыз жәй Үкіметтік емес ұйым. Өзі жаңа айтып отыр, біз деген миллиардтай теңгені инвестиция ретінде өзіміздің елімізге, ауданымызға тарттық дейді. Мемлекеттің қолы жетпейтін жерде өздерінің жұмытарын жасап көрсетіп жатыр.

Алматы облысында 515 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Өңірде азаматтық қоғам институттарына үнемі қолдау көрсетіліп келеді. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 56 жобаны жүзеге асыру үшін 371 миллион теңге бөлінген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев